"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 86 жоба жүзеге асырылады

828

 "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 86 жоба жүзеге асырылады

28 тамызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптама кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Бүгінгі күні белгіленген 86 жобаның 21-і жүзеге асырылған, қалған 65-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. 2021 жылға дейінгі қаржыландырудың жалпы сомасы 1,7 миллард теңге.

Сараптама кеңесінің басты міндеті – бағдарламаға енетін жобаларды қарау, бекіту. Кеңес құрамына аймақтағы белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері кірген.

86 жоба алға қарай жаңа идеялармен, қызықты ұсыныстармен толығады.

Бүгінге дейін жобалық кеңседе түрлі деңгейдегі әкімдік, басқарма, мекемелер ұсынған 162 жоба қаралды.

Өткен мәжілісте 43 маңызды жоба ортаға салынды. Олардың арасында "Ақмешіт" қорымын жаңғырту, Атырау қаласында "Қазақ елі" орталығын салу жобалары бар. Бастамаларды жергілікті бюджетпен қатар демеушілер де қаржыландырады.

"Мемлекет басшысы аталған бағдарлама аясында қазақстандық қоғамды жаңғыртуға қатысты кезеңдік қадамдарды ұсынды, - деді мәжілісті қортындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Біз халықтың барлық топтарын қамтуға тиіспіз, жұмысқа қоғамдық ұйымдар да тартылады, облыстың әр тұрғыны бағдарламаның бір мүшесі бола алады. Сол кезде ғана осы бағыттағы жұмыстарымызда жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу