"Рухы мықты" жан қала басшысының көмекшісі болып тағайындалды

1118

"Рухы мықты" жан қала басшысының көмекшісі болып тағайындалды

Қоғамдық белсенді Мұрат Әбдімомынов Астана әкімінің үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

"Достар! Жақсы жаңалықпен бөлісуді ұмытып кетіппін. Кешеден бері Астана қаласы әкімінің мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі көмекшісі жұмысын бастады. Бұл қызметке Мұрат Әбдімомынов тағайындалды 

Бұл туралы қала басшысының  мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесуінде белгілі болды. Айтпақшы, енді оларды "рухы мықты адамдар" деп атау керек.

Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы "Нұр Отан" елордалық қалалық филиалымен бірлесе отырып 2017-2018 жж. мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта жасауға бағытталған "Астана-рухы мықты адамдардың қаласы" атты бағдарламаcsy әзірледі", - деп жазды ол фейсбук парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу