"Сәлем" сақтандыру компаниясының лицензиясы тоқтатылды

908

Компания заңнамада белгіленген пруденциялық нормативтердің талаптарын сақтамаған.

"Сәлем" сақтандыру компаниясының лицензиясы тоқтатылды

"Сәлем" сақтандыру компаниясы" АҚ-ға сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Аталған шешімді  "Сәлем" СК" АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін ҚР Ұлттық банкі қабылданды.

Бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша "Сәлем" СК" АҚ өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу