"Самұрық-Энерго" АҚ-ға уақытша басшы тағайындалды

720

"Самұрық-Энерго" АҚ-ға уақытша басшы тағайындалды

2018 жылғы 25 мамырда директорлар кеңесінің шешімімен Бақытжан Жоламанов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға директорлар кеңесінің төрағасы Алик Айдарбаев таныстырды. Ол Алмасадам Майданұлының компания басшысы лауазымында жұмыс істеген кездегі сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтті.

Алмасадам Майданұлы басқарма төрағасы болып қызмет атқарған кезең ішінде "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласының көшбасшысына айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу