"Самұрық-Қазына" 11 ірі компанияны жекешелендіру жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр

776

"Самұрық-Қазына" 11 ірі компанияны жекешелендіру жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр

Елбасы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Президентіне "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордың сатуға қойылған 217 активінің 120 нысаны баланстан шығарылған.

"Екінші тізімдегі нысандардың 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімнің 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр", – деді "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдың "Темасек" қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу