"Самұрық-Қазына" 2016 жылы 730 млрд теңге табыс тапты

576

"Самұрық-Қазына" 2016 жылы 730 млрд теңге табыс тапты

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген "Қазақ еліне мың алғыс!" монументін көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысы мен адал ниетінің нышаны болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты мемлекетіміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті.

Президент "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратымен танысты.

Мемлекет басшысының назарына этномәдени бірлестіктер өкілдерінің орындауындағы "Бірлігіміз жарасқан" деп аталатын музыкалық композиция ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу