"Самұрық-Қазына" АҚ-ның шоғырланған кірісі 44 пайызға өскен

721

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның шоғырланған кірісі 44 пайызға өскен

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріліп, компанияның трансформациялану барысы мәлімделді.

Өмірзақ Шөкеевтің ақпаратына сәйкес, кәсіпорынның шоғырланған кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан президентіне холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады. Өмірзақ Шөкеевтің мәліметі бойынша, осы жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді, 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу