"Самұрық-Қазына" қорына жаңа басшы келді

707

"Самұрық-Қазына" қорына жаңа басшы келді

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына жаңа төрағаны таныстырды.

Премьер-министр Ахметжан Есімовтың елге сіңірген еңбегін, ең күрделі мемлекеттік тапсырмаларды орындаудағы жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін айрықша атап өтті. Қысқа мерзім ішінде Ахметжан Есімов "Халықаралық ЭКСПО-2017" көрмесін жақсы ұйымдастырып, табысты өткізе білді
Бақытжан Сағынтаев жаңа төраға мен қор қызметкерлеріне табыс тілеп, президент белгілеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерді жұмсау керектігін айта кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу