"Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз" займдарды мерзімінен бұрын жапты

564

"Самұрық-Қазына" мен "ҚазМұнайГаз" займдарды мерзімінен бұрын жапты

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК 2,5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі займдарды мерзімінен бұрын жапты, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"  АҚ 2015 жылы "ҚМГ Қашаған Б.В." ЖШЖК қатысу үлесінің 50%-ын сатып алу бойынша мәмілені қаржыландыру үшін тартылған 1,5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі синдикатталған займды мерзімінен бұрын жапты. 

Бұл қордың 900 млн АҚШ доллары көлеміндегі жеке қаржысы және халықаралық пен қазақстандық банктерінің синдикаты – Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Mizuho Bank, Ltd,  Sumitomo Mitsui Banking Corporation, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, АО "Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі" АҚ және "Ситибанк Қазақстан" АҚ 600 млн АҚШ доллары көлемінде несие тарту есебінен жүзеге асырылды.

Бұл қадамды қордың компаниялар тобының табысын арттыруға, сонымен бірге заем ресурстарының құнын төмендетуге және сыртқы қарызды қысқартуға бағытталған жұмыстың арқасында іске асыру мүмкін болды.

Оның нәтижесінде қор халықаралық займ капиталы нарығында өзінің қатысуын сақтап қалды және бір мезгілде сыртқы қарызын 900 млн АҚШ долларына қысқартып, заем ресурстарының құнын төмендетті. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілетті шарттар негізінде бенчмаркті қалыптастыруда маңызды табысқа айналып отыр.

Бұл мәміле  "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тарапынан "ҚМГ Қашаған Б.В." ЖШЖК акцияларын кері сатып алу туралы Опциондық келісімнің орындалу уақытының ауысуына байланысты 2020 жылдан 2022 жылдың соңына дейін өтеу мерзімін ұзарту есебінен қордың ақшалай ағындарының мерзімдерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ҚазМұнайГаздың сыртқы қарызы халықаралық облигацияларын өтеу есебінен 1,6 млрд АҚШ долларына қысқартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу