"Самұрық-Қазына" мен Назарбаев университеті ынтымақтасты

881

Ахметжан Есімов қордың штатына жас әрі дарынды мамандарды іріктеуге мүмкіндік берген "Цифрлық жаз – 2018" бағдарламасына тоқталды.

"Самұрық-Қазына" мен Назарбаев университеті ынтымақтасты

"Самұрық-Қазына" АҚ мен Назарбаев университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Біздің көмегіміз маңызды, өйткені Назарбаев университеті мен "Самұрық-Қазына" Қазақстанның білім және экономика локомотиві ретінде танылады", – деді Ахметжен Есімов кездесуде.

"Самұрық-Қазына" АҚ мен университет арасында жасалған келісім қордың компаниялар тобының кадр саясатын қолдауға және үздік жас мамандарды іріктеп алу арқылы дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов қордың штатына жас әрі дарынды мамандарды іріктеуге мүмкіндік берген "Цифрлық жаз – 2018" бағдарламасына тоқталды.

"Тестілеу кезеңі мен сұхбаттасу кезеңінен соң 72 үміткер қордың компаниялар тобына тағылымдамадан өтуге шақырылды. Бүгінгі таңда өзін көрсете білген 33 жас маман жұмысқа орналастырылды. Одардың екеуі Назарбаев университетінің түлегі", - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу