Бұл туралы 2016 жылғы 24 қазанда, Facebook әлеуметтік желісінде "Самұрық-Қазына" АҚ мен SAP SE (Германия) компаниясы арасында жасалған келісімнің шарттарына қатысты бейне-мәлімдеме шықты.
Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің дерегіне зер салсақ, елімізде 1997 жылдан бері SAP технологияларын 15 ірі ұлттық компания қолданып келеді. Олардың қатарында "Қазақстан темір жолы", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақтелеком", "Қазмұнайгаз" Барлау және өндіру", "ҚазМұнайГаз", "ҚазТрансОйл", "Интергаз-Орталық Азия", "Локомотив" және т.б. бар.
Елімізде трансформация бағдарламасы аясында, "Самұрық-Қазына" қоры мен ұлттық компаниялардың мүдделерін ескеру және иеліктің жиынтық құнын оңтайландыру ісінде SAP технологиясындағы артықша тәсілдер мүмкіндігі мен қолдану шарттары болғаны да басшылыққа алынған.
2015 жылғы желтоқсанда SAP компаниясымен тікелей келісім жасалған. Аталған келісім Қор компаниялары тобында бағдарламалық жасақтаманы кеңінен қолдануға жағдай жасайды және алдағы бес жыл ішінде 200 млрд теңге пайда табуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықаралық инвесторлар мұндай компанияларды 15-20 пайызға жоғары бағалайды.
SAP-пен келісім жасаудың тағы бір ерекшелігі – елімізде 2017 жылдың өзінде отандық мамандар қызмет ететін Сараптама орталықтарын құру болып табылады. Сараптама орталықтарының басты міндеті SAP алаңдарында құрылған ақпараттық жүйелерді техникалық қолдау болмақ. Бұл ақпараттық технологиялар саласында деңгейі жоғары отандық кадрларды өсіруге, еліміздің ақпараттық технологиялар нарығын дамытуға және алдағы уақытта SAP-ты техникалық қолдаудың құнын азайтуға мүмкіндік береді.
Өзара серіктестік және ашықтық саясатын ұстана отырып, "Самұрық-Қазына" АҚ, Трансформация бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру ісіне ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық компанияларды тарту мәселесін бұдан әрі де сараптамалық талқылаудан өткізе беретін болады.
Айта кетейік, корпоративтік қосымшалар нарығында әлемдік көшбасшыларының бірі болып
табылатын SAP көлемі мен бағыты әр түрлі компанияларға
бизнес-үрдістерін тиімді басқаруға, салалық және ғаламдық трендтерді терең түсіну негізінде бизнесті дамытуға көмектеседі. SAP қызметтерін әлемнің 190 мемлекетінде 300 мыңға жуық компания қолданады, олардың қатарында Shell, Exxon, Nestle, BMW сынды трансұлттық корпорациялар бар. Қазақстанда SAP тұтынушылары – мұнай-газ, қаржылық, көліктік, мемлекеттік секторлардың 165 компаниясы. SAP ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық кадрларды дамытуға белсене қатысып, еліміздің жоғары оқу орындарымен серіктестікте жұмыс істейді.