"Самұрық-Қазына"-ның сыртқы қарызы белгілі болды

930

Ұлттық әл-ауқат қорының сыртқы қарызының көп бөлігі "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі. 

"Самұрық-Қазына"-ның сыртқы қарызы белгілі болды

2018 жылдың басында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының сыртқы қарызы 18,5 млрд долларды құраған. Қазір бұл көрсеткіш 16,2 млрд долларға тең, деп хабарлайды abctv.kz.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, биыл қордың сыртқы қарызы 2,3 млрд долларға азайған. 

"Дәл қазіргі уақыттағы біздің мақсатымыз – сыртқы борышы азайту, қаржылық тұрақтылықты арттыру және компаниялардың бағасын көбейту. Біз бар күшімізді осы мәселелерді шешуге жұмылдырудамыз", – деді Ернар Жанәділ "Үкімет үйінде" өткен брифингте. 

Оның сөзінше, сыртқы қарыздың көп бөлігі, яғни шамамен 70%-ы "ҚазМұнайГаз"-ға, шамамен 20%-ы "Қазақстан Темір жолы"-на тиесілі. Қалған 10%-ы "Самұрық Энерго" мен басқа да компаниялардың үлесінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу