"Самұрық-Қазына" жаңа салаларды дамытуға жыл сайын 50-80 млрд теңге инвестиция құяды

1273

"Самұрық-Қазына" жаңа салаларды дамытуға жыл сайын 50-80 млрд теңге инвестиция құяды

2016-2020 жылдары "Самұрық-Қазына" жаңа салалардың дамуына жыл сайын 50-80 млрд теңгеден инвестициялайды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"2016-2020 жылдары "Самұрық-Қазына" жаңа салалардың дамуына жыл сайын 50-80 млрд теңгеден инвестициялайды, бұл құрылыс кезеңінде – 9 мың және пайдалану кезеңінде 8 мың жұмыс орнын ашады. Қазір Қор активінде бес өсіп келе жатқан компания бар, олар мұнай-газ химиялық және агрохимиялық кластерлер құру бойынша жұмыс істейді; ел үшін маңызды, бірақ заманауи технологиялар тартуды талап ететін баяу байытылатын қорлар бар кен орнын қазады; коммерциялық тұрғын үй құрылысы саласындағы жобаларды жүзеге асырады", – делінген "Самұрық-Қазына" хабарламасында.

Сонымен қатар, Қор ірі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі орындаушысы болып табылатыны да хабарланады. ИИДМБ жаңа индустриялық саясаты шеңберінде ҚОР жалпы құны 26 млрд долларды құрайтын 11 жобаны іске асыруда. "Нұрлы жол" бағдарламасына Қордың құны 2 млрд долларды құрайтын 7 жобасы енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу