"Самұрық-Қазынаға" қарасты 217 компания сатылады

760

 "Самұрық-Қазынаға" қарасты 217 компания сатылады

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына қарасты 217 компания сатылымға шығарылады. Активтерді жекешелендіру 2020 жылға дейін жалғаспақ. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының департамент директоры Дәурен Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оның айтуынша, басты мақсат - "экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы" елдерінің стандарттарына сәйкес қордың экономикадағы үлесін 1,5 пайызға қысқарту. 2016 жылы қор екінші тізбедегі активтердің 75 пайызымен жұмыс істеп, мемлекеттік комиссияның келісімі бойынша оларды сатуға кірісті. Ірі активтерді сату 2018 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Қор инвесторлар тарту үшін Нью-Йорк, Лондон мен Гонконгте кездесулер ұйымдастыратын болады.

"Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы белсенді жүргізіліп жатыр. Оның аясында 217 актив екі кезеңге бөлініп сатылады. Бірінші тізбеде 45 ірі компания бар.  "Қазатомөнеркәсіп", "Эйр Астана" IPO-ға шығарылатын компаниялар тізімінде. Акцияларды орналастыру туралы шешім көптеген факторға байланысты. Макроэкономикалық аxуал, құнды қағаздар нарығындағы жағдай мен компаниялардың дайындығы ескеріледі", – деді "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді жекешелендіру департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу