"Сандық Астана" жобасы келер жылы толығымен іске қосылады

1193

"Сандық Астана" жобасы келер жылы толығымен іске қосылады

Келер жылдың соңына дейін Елорданы "ақылды қалаға" айналдырудың барлық жүйесі толығымен енгізілетін болады. Ал "Сандық Астана" туралы заңнаманы бекіту алдағы жылдың басына жоспарланған. Бұл туралы "Астана Инновейшнс" Басқарма төрағасы Олжас Сартаев мәлімдеді.

Бас шаһарда 11 заманауи құрылғы түрінің 5000 данасы орнатылады. Оның ішінде Сергек бейнебақылау жүйесінен басқа, "Ақылды жарықтандыру" жобасы, қаланың 3 д форматындағы карталары мен электронды тетіктермен жабдықталған тақташалар бар. Көше бойында орнатылған мұндай тақталар алда болатын табиғаттың тосын жайттарынан хабарлама таратады. Ал құны 4,3 млрд теңгені құраған жарықтандыру жобасы электр энергиясын 60 пайызға дейін үнемдеп, шамдардың жану мерзімін 6 айдан 15 жылға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу