"Сарайшыққа саяхат" мультипликациялық фильмі көрерменге жол тартты

1327

"Сарайшыққа саяхат" мультипликациялық фильмі көрерменге жол тартты

Облыс әкімдігінің тапсырмасымен дайындалған мультипликациялық фильм тұсаукесеріне 400-ге жуық бастауыш сынып оқушысы қатысты,деп xабарлайды atr.kz.

"Сарайшыққа саяхат" мультфильмі елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына сәйкес киелі орындарды насихаттау, ғалымдардың зерттеулерін өскелең ұрпақтың жадында сақтау мақсатында дайындалды.

10 бөлімнен тұратын мультфильмде балалардың Сарайшық қаласына саяxаты көрсетіледі. Жобаны дайындаған Q-Daily Медиа орталығы 2 ай көлемінде мульфильмді құрастырып үлгерген.

"Сарайшыққа саяхат" жаңа технологиямен жасалған Қазақстандағы алғашқы мультипликациялық фильм. Жоба барысында Сарайшық қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғалымдармен ақылдаса отырып, сценарий құрдық.  Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық туынды жасау мақсатында 20-дан аса адам жұмыс істеді. Кішкене көрермендер оң бағасын береді деген үміттеміз",- деді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу