Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубының бас жаттықтырушысы лауазымына 58 жасар фин маманы Кари Хейккиля тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Кари Хейккиля 1960-шы жылы 10-шы қаңтарда Кангасала қаласында (Финляндия) дүниеге келген.
Ойыншы (қорғаушы) ретінде 1978-ші жылдан 1994-ші жылға дейінгі уақыт аралығында "Калгари Рэнглерс", "Виктория Кугарс" (Канада, WHL), "Ильвес" (Тампере, Финляндия), "Лулео", "Вита Хястен" (Швеция), "Фасса" (Италия) сынды клубтарда өнер көрсеткен.
Оның жаттықтырушы ретіндегі еңбек жолы 1994-ші жылы "Сундсваль" швед клубында басталған. Бапкер сонымен қатар шведтік "Буденмен", финдік ХПК, "Васса спортпен" және "Кэрпэтпен" жұмыс істеген. 2004-ші жылы Хейккиля Ресей чемпионатында алғашқы фин жаттықтырушысы болған.