"Сарыарқа" жобасын іске асыруда шамамен 800 жұмыс орны ашылады

1165

"Сарыарқа" жобасын іске асыруда шамамен 800 жұмыс орны ашылады

2014 жылы үкімет Қазақстанды 2015–2030 жылдарға дейін газдандырудың бас схемасын бекітті. Осы схемаға сәйкес газдандыру деңгейін ағымдағы 47%-дан 2030 жылға қарай 56%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы үкімет үйінде елді газбен қамтамасыз етуге байланысты өткен  баспасөз  конференциясында энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Спикердің берген мәліметіне сәйкес, тәуелсіздік жылдары газды ішкі тұтыну 1,5 есеге өскен. Коммуналдық және тұрмыстық кәсіпорындар мен халықтың газды тұтыну көлемінің өсуі ҚР газдандырудың бас схемасында қарастырылған шаралар кешенін жүзеге асырумен байланысты.

"Сарыарқа" жобасын іске асыру Астанада ауаға тасталатын зиянды қалдықтарды жылына 36,1 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. "Сарыарқа" магистральді газ құбырының құрылысы барысында шамамен 800 жұмыс орны және оны пайдалану кезеңінде 225 жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктері газ тарату желілерін жобалау мен салу мәселелерін пысықтап жатыр. Осылайша тарату желілерінің бірінші кезеңі газ құбырының құрылысы аяқталысымен 2019 жылдың желтоқсанында қосылуға дайын болуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу