"Саят-2018" халықаралық құсбегілер жарысы аяқталды

846

"Саят-2018" халықаралық құсбегілер жарысы аяқталды Фото: altaynews.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Көкбастау атшабарында құсбегілердің "Саят-2018" атты халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды 24.кz.

Биылғы айтулы шараға еліміздің 10 облысынан және шетелден 60-қа жуық құсбегі келді. Олар қаршыға, ителгі мен қыран бүркіттерінің бабын сынап көрді.

Қоянға да, кептерге де түскен Көкдауыл атты қаршыға жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды.
Ұлттық дәстүр ұлықталған жарыста Италия мен Испаниядан келген қонақтар да қырандарының бабын байқап көрді.

Ең қызықты бәсеке бүркіттердің түлкі мен қарсақ алуында болды. Бұл сында Шығыс Қазақстан облысынан келген Өмірбек Нұғыманның бүркіті түлкіге мүдірмей түсіп, жарыстың бас жүлдесін иесінің қанжығасына байлады. Жүлделі құсбегілердің барлығы арнайы диплом алып, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Шара соңында ұлттық әндер әуелеп, ел рухын асқақтатқан жыр оқылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу