"Сбербанктің" жаңа картасымен 300 мың теңгеге дейін комиссиясыз ақша алуға болады

446

"Сбербанктің" жаңа картасымен 300 мың теңгеге дейін комиссиясыз ақша алуға болады

Сбербанк пен Visa 2018 жылғы Футболдан әлем чемпионатына арнап Cashback жоғарылатылған карталардың лимиттелген сериясын шығарды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Сбербанк Visa халықаралық төлем жүйесімен серіктесе отырып, FIFA2018TM Әлем чемпионатына арнап айрықша дизайндегі карталардың лимиттелген сериясын шығарды. Футболдың белсенді жанкүйерлері Мундиаль кезінде картаның артықшылықтарына баға бере алады.

Яғни, 2018 жылғы маусым мен шілде айларында пластик карта иегерлері мейрамханаларда сауда жасағаны үшін 7% мөлшерінде жоғарылатылған Cashback ала алады. Картаның бүкіл қолданыс мерзімі бойына барлық өзге категориялар үшін Cashback 1%-ды құрайды.

"Миллиондаған футбол жанкүйерлері Әлем чемпионатының басталуын асыға күтуде, біз клиенттеріміздің не күтетінін алдын-ала білуге тырысамыз және олардың әрқашан бізбен қалуы үшін еңбек етеміз ,- дейді "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов. – Біз FIFA2018TM лимиттелген айрықша карталар сериясын екі дизайнде дайындадық. Футболға әуес жандар мен жанкүйерлер бұл карталар сериясының артықшылығына дұрыс баға бере алады".

Карта Visa payWave контактсіз технологиясымен жабдықталған. Сондай-ақ карта иегерлері Қазақстанның кез келген банкоматынан 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз ақша ала алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу