"Сергек" 10 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді

842

"Сергек" 10 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді

Өткен аптада "Сергек" фото және бейне-бақылау жүйесінің көмегімен 10 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың мәліметтеріне қарағанда, осы уақыт аралығында 12 қылмыс пен бір жарым мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Түсіндіру, алдын алу шараларды жүргізудің нәтижесінде көшедегі қылмыстардың, ұрлық-қарлықтардың, көліктерді айдап әкету оқиғаларының, интернеттегі алаяқтықтардың саны азайды. Сондай-ақ, "ізі суымай" 94 қылмыстың беті ашылып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер тұтқынға алынды", – деді М. Қожаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада абаттандыру ережелерін сақтауға қатысты шаралар жүргізіліп жатыр. Жолдың жүргін бөлігіне лайды шығарғаны үшін 3 құрылыс компаниясы, жүк көліктерінің 10 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 мердігерлік ұйымға ескерту жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу