2017-2018 оқу жылына "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" – "Серпін" әлеуметтік жобасы бойынша 4513 грант бөлінді. Бұл туралы жобаның ресми сайты хабарлайды.
Оның 3793 грант жоғарғы оқу орындарына (білім – 1550, техника ғылымдары және технологиялар- 1898, ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария бағыттары бойынша – 345), колледждерге 720 грант бөлінді. "Серпін" жобасына Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстары жастары ғана қатыса алады, деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу