Астанада "Шабыт" халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Байқаудың бас жүлдесі - президент кубогын 18 жастағы Жібек Мүсірғалиева жеңіп алды, деп хабарлайды 24.kz.
Астанада 5 күн бойы өткен шарада Латвия, Армения, Ресей, Өзбекстанның өнерпаздары бақ сынады. Елорда атынан 100-ден аса адам қатысты.
Қатысушылар "Классикалық музыка", "Бейнелеу өнері", "Халық музыкасы", "Цирк өнері", "Актерлік шеберлік", "Үздік әдеби шығарма" аталымы бойынша өзара мықтыны анықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу