"Шахтер" футбол клубы бүгін ресми түрде жаңа жаттықтырушысын таныстырды. Команданың тәлімгері қызметін 55 жасар болгарлық маман Николай Костов атқаратын болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Жаттықтырушы ретінде Николай Костов болгарлық "Добруджей", "Левски" және "Ботевпен", кипрлік "Анортосиспен", "Олимпиакоспен" және АЕКпен, армяндық "Бананцпен", украиндік "Металлургпен" (Донецк), "Карпаттармен", "Стальмен" және "Тавриямен" және ресейлік "Тосномен" жұмыс істеген.
Оның жетекшілігімен 2002-ші жылы "Анортосис" Кипр Кубогын ұтып алған, 2010-шы жылы "Металлург" Украина Кубогының финалына шыққан, сонан соң Еуропа Лигасының плей-офф раундына дейін жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу