"Шахтинская" шахтасында жаңа лава іске қосылды

982

"Шахтинская" шахтасында жаңа лава іске қосылды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Шахтинская" шахтасында 8 Д1-2 жаңа тазалау кенжары іске қосылды. Жаңа лаваны жабдықтауға барлығы 500 миллион теңге инвестиция салды деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.

Бұдан былай көмір өндірудің орташа тәуліктік көлемі 3 000 тоннаны құрайды деп жоспарлануда. 
Жаңа кенжар тоғыз ай ішінде өндірілетін болады. Жаңа лаваның кенжар бөлігінің ұзындығы 130 метрді, көмір қоры 590 мың тоннаны құрайды.

"Үлкен кешенді жұмыстар жоғары өнімді көмір өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылды. Ерекше назар лаваны желдету және аэрогазды қорғауға аударылды, кенжар Davis Derby газды бақылау мониторингтың жоғары технологиялық жүйесімен жабдықталған, ол кенжарда кеніш атмосферасының жай-күйін бақылауды тұрақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік комиссия жаңа кенжарды пайдалануға "өте жақсы" деген бағамен қабылдады", - деп мәлімделді хабарламада.

Компания мәліментінше 2017 жылы шахталарда сегіз жаңа лава іске қосылды. Алдағы уақытта Ленин атындағы шахтасында жаңа тазалау кенжарын іске қосу жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу