"Шапағат" коммуналдық базары саудаға қойылды. Электронды тендер 11 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Astana әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы "Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қоғамның 100% үлесін сату бойынша электронды тендерді өткізу туралы хабарлайды.
Шара 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында өтеді.
Базар Астанадағы Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 69 мекенжайында. Сұрақтар бойынша 8 (7172) 21-51-50 нөміріне хабарласуға болады.
"Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС Жарғы капиталындағы 100 % үлесін сату ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" № 1141 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына сәйкес, қоғамның директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қарашадағы шешіміне сәйкес (№ 20 Хаттама), "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне сай жүргізіледі", - деп мәлімдеді "Аstana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметінде.