Номиналы 500 және 100 теңгелік "Шашу" естелік монеталары айналымға енгізіледі, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
"Шашу – қуанышқа орай жасалатын салт-дәстүр. Құда түсу, той немесе басқа да айтулы оқиғалар кезінде кәмпиттер мен тиындар шашылады. Бұл сәттілік әкелетін жақсы ырым болып есептеледі.
500 теңгелік монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – "proof", таралымы – 3 мың дана. 100 теңгелік монета "нейзильбер" қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 10 мың дана.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті.
Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Оларды Ұлттық банктің барлық филиалдарынан, ал күміс монеталарды, сондай-ақ, ҚР ҰБ сайтының интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.