Тігінші мен шаштараздар тегін қызмет көрсетеді

1245

Астаналықтар ақысыз негізде шаштарын қиғызып, заттарын тіктіріп алуға және де компьютердегі бағдарламаларын тексертіп, жаңартып алуына болады.

Тігінші мен шаштараздар тегін қызмет көрсетеді

Астана менеджмент және бизнес колледжі айына 2 рет сенбі күні "Шеберлер қаласы" акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналықтар ақысыз негізде шаштарын қиғызып, заттарын тіктіріп алуға және де компьютердегі бағдарламаларын тексертіп, жаңартып алуына болады. Бұдан басқа, колледж заң қызметі мен балалар мерекесін өткізу бойынша кәсіби кеңестер беріледі. Барлық қызмет пен консультацияны колледж оқытушыларының жетекшілік етуімен студенттер көрсетеді немесе кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік серіктес-мамандары жүргізеді.

"Біздің басты міндетіміз – талантты жастардың шығармашылық қабілетін қолдау және кәсіби өсуіне стимул беру, жастар арасында қызмет көрсету саласының мамандарын танымал ету, техникалық және қызмет көрсетуде білікті кадрларды дайындаудың сапасын жоғарылату және мұқтаждарға көмек көрсету", - деді менеджмент және бизнес колледжінің директоры Балқия Пшенова.

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады.: 8 (7172) 38 26 05, 8 701 463 30 94.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу