"Шиелі Тас" ЖШС компаниясы "Қазақстандық Иджара Компаниясымен" келісім жасады

1122

"Шиелі Тас" ЖШС компаниясы "Қазақстандық  Иджара  Компаниясымен" келісім жасады

Қиыршық тас, құм-саз қоспасы мен әк секілді құрылыс заттарын көтерме саудалаумен айналысатын қызылордалық "Шиелі Тас" ЖШС компаниясы жүк тасымалына қажетті техниканы сатып алу мақсатында "Қазақстандық  Иджара  Компаниясы" АҚ мен лизингтік келісім жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 Лизинг сомасы 111 млн. теңге.  Лизингтік компанияның табыс көлемі 19% құрайды, оның ішінде 10% үстемені "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында "Даму" қоры субсидиялайды.

"Шиелі Тас" ЖШС директоры Ермек Хасановтың сөзінше, қазіргі таңда компания бұған дейін жалға алып отырған 10 техника бірлігін тіркемесімен бірге жұмысқа қосуға мүмкіндік алды. Техника санының көбеюі қызмет көрсету сапасын арттыратын болады.             

Бүгінде "Шиелі Тас" ЖШС 45 жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған бірден-бір табысты кәсіпорын. Кәсіпорын өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна қиыршық тас, 100 мың тонна құм-саз қоспасы мен 60 мың тонна әкті өндіруге қауқарлы "Шиелі Тас Оңтүстік" компаниясының өнімдерін сату арқылы нарықта өз орнын тауып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу