"Шин-Лайн" компаниясы Өзбекстан нарығына шықты

1289

"Шин-Лайн" компаниясы Өзбекстан нарығына шықты

Қазақстандық "Шин-Лайн" компаниясы Өзбекстан нарығына шықты. Биыл 180 тонна балмұздақ жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Шин-Лайн" жаңа нарықтарға шығуды жалғастырып, өзінің экспорттық әлеуетін арттыра түсуде. Ташкентке балмұздақтың алғашқы легі жеткізілді. Компания өзбек астанасында өз қоймасын ашты, сол арадан дүкендер мен өзге облыстарына тарататын болады. Осы жылдың өзінде 180 тонна мұзды тәтті жеткізу жоспарда бар", - дейді компаниядан.

Айта кетсек "Шин-Лайн" 1995 жылы құрылған. Компания бір жылда 140 түрлі балмұздақтан 13 мың тонна шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу