"Шұбаркөл көмірге" уақытша басшы тағайындалды

2067

"Шұбаркөл көмірге" уақытша басшы тағайындалды

"Шұбаркөл көмір" АҚ президенті Кемаль Рашатұлы Усмановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты  Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Шұбаркөл көмір" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Андрей Александрович Сафонов акционерлік қоғам президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Хабарда атап өтілгендей, Андрей Сафонов Еуразия тобының құрылымындағы жұмысқа 2001 жылы геолог қызметінде  кіріскен.  2016 жылдың қараша айынан бері Андрей Сафонов жұмысын "Шұбаркөл көмір" АҚ-ында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы лауазымында жалғастырды. 2017 жылдың ақпан айынан бері аталған кәсіпорында өндіріс жөніндегі вице-президент қызметін тиянақты атқарып келді.   
"Шұбаркөл Көмір" АҚ  ERG құрамына кіреді. Қызметінің негізгі бағыты  - ашық әдіспен көмір өндіру, қызметінің басқа түрлері – кокс газынан электр энергиясын және арнайы кокс өндіру.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу