"Шығыстың жыртқыштары" Голливудта жекпе-жекке шығады

960

"Шығыстың жыртқыштары" Голливудта жекпе-жекке шығады

14 шілдеде рингке шығатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (2-1, 2 КО) "Шығыстың жыртқыштарының" бірі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
28 жастағы Уәлихановтың алты раундтан тұратын жекпе-жегі Голливудта өтеді. Қазақстандық боксшы былтыр сәуірден бері жұдырықтаспаған, оның бұл жолғы қарсыласы - 29 жастағы америкалық Дарел Харрис (1-2-1, 1 КО).
Бұл бокс кешіне шолу жасалған постерде Уәлиханов пен тағы үш боксшы Beasts From The East ретінде таныстырылған. "Шығыстың жыртқыштары" қатарына өзбекстандық екі боксшы және ураиналық Дмитрий Митрофанов (2-0, 1 КО) кіріпті. Орта салмақта жұдырықтасатын Митрофанов Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері болған. 
Ал екі өзбекстандық боксшы да Олимпиада жүлдегерлері - 23 жастағы Муроджон Ахмадалиев (2-0, 2 КО) және 25 жастағы Шахром Гиясов (2-0, 1 КО). Алғашқысы Қайрат Ералиевке, екіншісі - Данияр Елеусіновке қарсылас болған. 
14 шілдеге төрттен алты раундқа дейінгі 12 кәсіпқой жекпе-жек белгіленген.
Айта кетейік, Уәлихановтың менеджері Эгис Климас. Сондай-ақ, Климас Қанат Ислам (25-0, 20 КО), Мадияр Әшкеев (9-0, 5 КО), Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) және Мейірім Нұрсұлтановпен (7-0, 6 КО) жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу