"Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда" фильмі көрерменге жол тартады

1934

Комедияның елордада жабық тұсаукесері өтті.

"Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда" фильмі көрерменге жол тартады

Экранға кезекті отандық картина жол тартады. "Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда" атты фильм есімі тарихта алтын әріппен жазылған Ұлы қолбасшының ерке қызы туралы баяндайды, деп хабарлайды 24.kz.

Елордада жабық тұсаукесері өткен комедия желісі бойынша сонау 13 ғасыр мен 21 ғасыр арасындағы адами құндылықтар таразы басына қойылады. Әкесінің әскери жорығына қатысудан жалыққан бойжеткен жер жаһанды саяхаттап, мәдени тұрғыда жаңғырғысы келеді.

Басты кейіпкерді сомдаған жас актриса Ақниет Орынтайдың айтуынша, фильм сондай-ақ нағыз қазақ қыздарына тән нәзіктікпен қатар ер мінезділікті дәріптейді.

"Мен оны қазақтың батыр қызы қылып сомдадым. Солай алдым. Тік мінезді иә, әрине кішкене еркелеу, бізді әкелеріміз еркелетіп өсіреді ғой қазақта, сонысы бар, жан сұлулығы, тән сұлулығы бар. Келешек ұрпаққа жақсы тәрбие береді деген ой бар бұл фильмде", - дейді актриса Ақниет Орынтай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу