"Сибу Қызылорда" Қазақстан-Қытай инженерллік бұрғылау компаниясы 1,3 млрд теңге салық төлеуден жалтарған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ведомстваның мәліметінше, 2011-2014 жылдары салықтан жалтарған үш қазақстандық және екі Қытай азаматы айыпталған. Сотталғандар мемлекет бюджетіне қарыздарын өз еркімен төледі. Соған байланысы Қызылорданың №2 соты айыпталғандарды қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Ақпаратқа сәйкес, кәсіпкерлерге "Құқық қорғау жүйесіне қатысты" "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу" туралы заң нормасы қолданылды. Олар 2017 жылдың 3 шілдесінен бастап қылмыстық кодекстің 245 бабына сәйкес "Тұлға салық қарызын және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерге қарызын өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады"