"Система" агрохолдингі Қазақстан, Бразилия нарықтарын қарастырып жатыр – Евтушенков

756

"Система" агрохолдингі Қазақстан, Бразилия нарықтарын қарастырып жатыр – Евтушенков

"Степь" агрохолдингі Ресейдің бірқатар аймағында активтер сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, сондай-ақ ТМД аумағынан тысқары шетел нарықтарына шығу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп мәлімдеді "Система" АФК қожайыны Владимир Евтушенков.
"Ресейдің өзге аймақтарында, атап айтқанда, Алтайда, Самарада, Тверь облыстарында бірқатар келіссөз жүргізіп жатырмыз,  барлығы көзделген мақсатқа сай анықталады.  Сонымен қатар біз тек Ресей аумағымен шектеліп қалмаймыз. Қазақстанда, тіпті Бразилияда даму мүмкіндіктерін қарастырып отырмыз", – деді ол "Россия24" арнасына берген сұхбатында.
"Система" агрохолдингі биыл Ресейде алма өндіруші атануды көздеуде, ол сондай-ақ күріш және картоп өсіруге инвестиция қарастырып отыр.
Бұдан бұрын холдинг басшысы "Система" 2017 жылдың соңында – 2018 жылдың басында өз агрохолдингінің ІРО-сын жүргізуі мүмкін екенін айтқан.  Бұл жоспардың мерзімін айтпаса да, "Система" қожайыны телеарнаға берген сұхбатында тағы да тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу