"Славия" - "Астана" ойынына италиялықтар төрелік етеді

731

"Славия" - "Астана" ойынына италиялықтар төрелік етеді

УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 6-туры аясындағы "Славия" - "Астана" матчына Давиде Масса басшылығындағы италиялық төрешілер бригадасы бекітілді, деп хабарлайды prosports.kz. 

36 жастағы төреші осымен биылғы Еуропа лигасындағы екінші кездесуіне төрелік еткелі отыр. Үшінші турда ол "Брага" - "Лудогорец" матчын басқарған болатын. Болгарлардың 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған сол ойында Масса 4 сары қағаз көрсеткен. 

Ол төрелік еткен осы маусымдағы айтулы матчтардың қатарында "Ювентус" пен "Лацио" арасындағы Италия Суперкубогының ойыны да бар. 

Давиде Массаға Филиппо Мели мен Альберто Тегони көмектеседі, қосалқы ассистенттер: Паоло Мацолени және Антонио Дамато. Резервтегі төреші: Андреа Криспо. 

Матч Праганың "Эден Арена" стадионында желтоқсанның 7-сінен 8-іне қараған түнде Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу