"Соңғы мұғалім" фильмі Түркиядан жүлдемен оралды

1531

Фильм режиссері  –  Ален Рахметалиев.

"Соңғы мұғалім" фильмі Түркиядан жүлдемен оралды

Жас режиссер Ален Рахметалиев түсірген "Соңғы мұғалім" атты қысқаметражды көркем фильм Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 14-і мен 16-ы аралығында өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивалінде екінші орынды иемденді, деп хабарлайды "Қазақфильм" баспасөз қызметі.

Фильмде химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген ұлын қорғамақ болған ұстаз олармен күреспек болады.   

"Бұл фестиваль ауқымды байқаулардың бірі. Иран, Қырғызстан, Түркия, Франция, Италия, Бельгия және Швеция сынды елдердің фильмдері қатысты. Осы фестивальге қатысқанымның өзі жеңіс деп санаймын. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қонақтары қазақ киносына ерекше қызығушылық танытқандары өте қуантты",  –  деді режиссер Ален Рахметалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу