"Союз МС-07" ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонды

604

"Союз МС-07" ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонды

Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортында үш экипаж мүшесі бар  "Союз МС-07"  ғарыш кемесі Қазақстанда Жезқазған қаласы маңындағы далаға қонды. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге  Мәскеу маңындағы Аэроғарыштық зерттеу орталығында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бортында Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және жапон аэроғарыштық зерттеу агенттігінің астронавты Норисигэ Канаи бар жерге қонушы аппарат  Мәскеу уақытымен  15:39-да қонды", - деді аталмыш зерттеу орталығының өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу