"Союз МС-09" КБК экипажы Жезқазған маңына қонды

897

 Бұл экипаж халықаралық ғарыш стансасында жарты жылдай болып қайтты.

"Союз МС-09" КБК экипажы Жезқазған маңына қонды

"Союз МС-09" басқарылатын көлік кемесінің (БКК) экипажы белгіленген аумаққа сәтті қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бортында ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, еуропалық астронавт Александер Герст (ESA) пен америкалық астронавт Серена Ауньон-Ченселлор (NASA) бар капсула белгіленген уақытта, Астана уақытымен 2018 жылдың 20 қазанынан 11 сағат 03 минутта Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерге сәтте қонды.

"Союз МС-09" КБК экипажы Жерге оралуының тікелей трансляциясы Ұшуды басқару орталығынан (ҰБО) жүргізілді.

"Сағат 11:02-де қонды, күн бұлтты болып, құрылғының қонғанын анық көру мүмкін болмады", – деді ҰБО комментаторы.

Еске салайық, бұл экипаж халықаралық ғарыш стансасында 2018 жылдың 6 маусымынан бері жұмыс істеді және 3 желтоқсанда экспедицияны аяқтауға тиіс еді. Бірақ "Союз МС-10" ғарыш кемесін ұшыру кезіндегі апат салдарынан оның қайту мерзімі кейінге шегерілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу