"Союз МС-10" кемесінің экипажы дін аман, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Бүгін экипаж құрамында "Роскосмос" ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар "Союз МС-10" кемесін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру кезінде, апатты жағдай орын алды. Апат ұшырылымның 119 секундында, негізгі блоктан ажырау сатысында орын алған еді.
Орталық әскери округтің МИ-8 тікұшақтары "Союз МС-10" экипажын іздестіру үшін Жезқазған, Байқоңыр және Қарағанды аэродромдарынан аттандырылған болатын. Бортта құтқарушылар мен дәрігерлер бар.
"Капсула Жезқазғаннан 20-25 шақырым қашықтыққа келіп қонған. Экипажбен байланыс бар, жарақат алмаған, медициналық көмекті қажет етпейді", - дейді ақпарат көзі.
"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин апатты жағдайдың орын алғанын, экипаждың қонғанын растады.