"Стеклянный дом" зауыты шыны шынықтыратын жүйені іске қосады

682

 "Стеклянный дом" зауыты шыны шынықтыратын жүйені іске қосады

Шыныдан және айнадан өнім жасайтын "Стеклянный дом" зауыты жыл сонына дейін шыныны шынықтыратын жүйені іске қосады. Ол өз кезегінде зауыттын қуаттылығын 50 пайызға артырады, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Зауыттын жылдық өнімділігі – 300 млн теңге, ол 12 мың шаршы метр шыны өнімін құрайды. Зауыт басшысының жоспары өнімділікті 25 мың ш.м арттыру.

"Біздің зауытқа 9 жыл толды. Ал, индустриалды парк аумағында жұмыс жасап жатқанымызға бес жыл толып отыр. Жыл сайын технологияны жаңартудың арқасында зауыттын қуаттылығын арттырудамыз. Бізде шыныны кесу, өңдеу, бронды қалқан, триплекс шыны жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар біз көлемді шыныға көркем бейне басып шығара аламыз. Зауыттын 2016 жылғы толық қуаттылығы шамамен 12 мың шаршы метр дайын өнімді құрады. Бұнын бәріне біз жұмыс өнімдігін және мамандарымыздың кәсібилігін артыра отырып жеттік",- деп атап өтті "Стеклянный дом" ЖСС –нің директоры Эдуард Никифоров.

Компания әр қашан өзінің технологиялық мүмкіндіктерін жаңартуда. Фирма көп қатпарлы қорғанышты шынынын көлемдік шектеусіз мөлшерін шығаруға қауқарлы. Жәнеде зауыт осы жылдың аяғында жаңа шынықтырылған шыны өнімін шығараду қалға алуда, ол өз кезегінде қуаттылықты 50-60% арттырады деп күтілуде.

"Осы жаңа ления арқылы біз көлемді артырып, жылына 25 мың шаршы метр өнім шығарамыз деген ойдамыз. Біздің басты артықшылығымыз әр тапсырысқа ерекше қараймыз. Бізде типтік өнім көлемі аз, жиі жекелеген тапсырыстар түседі. Көбі шетелден тапсырыс алуға қорқақтайды, ал біз тапсырыс аламыз және жоғары деңгейде орындап береміз", - дейді зауыт директоры.

Кәсіпорынның аумағы 1.5 гектар. Аумақта теміржол тұйығы бар. Болашақта қоймалар салу жоспарланған. Эдуард Никифоровтың айтуынша, бұл болашақта жүк қабылдауға, жөнелтуге және өнімді тиісті талапқа сай сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі күні зауыт өнімдерін тек Астанада емес Қазақстан бойынша құрылысқа қолдануда. Астанадағы "Highvill", "Hilton", "Nissan"  "Керуен" СО,  "Mega SILKWAY" ОСО,  "Алау" МА, "Хан шатыр" ОСО, "Лазурный квартал" ТК-нің интерьері осы зауыттын өнімі.

Қазіргі күні зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу