"STOP трафик" жедел алдын алу шарасының қорытындысы жарияланды

510

"STOP трафик" жедел алдын алу шарасының қорытындысы жарияланды

Астана қаласының полиция департаменті "STOP трафик" жедел алдын алу шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарашаның 22-26-сы аралығында өткізілген жедел шараға Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның ІІМ өкілдері қатысты.

"STOP трафик" шарасы кезінде Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан үш саунаның әкімшісін әкімшілік жауапқа тартты. Рейд кезінде полиция бөлімшесіне ақылы интимді қызмет көрсететін 48 әйел жеткізілді", - делінген ақпаратта.

Бұған қоса, елорданың теміржол вокзалы ауданында жезөкшелікпен айналысқан притон анықталды. Онда ұсталған жеті әйел Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Сот шешімі бойынша үш әйел елден шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу