"Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі" жобасының аралық нәтижесі шықты

879

"Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі" жобасының аралық нәтижесі шықты

Қарағанды облысы РКП базасында Еуразиялық Топ ағымдағы жылдың көктемінде жүзеге асыра бастаған "Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі" жобасының аралық нәтижелері қорытындыланды. Жобаға енген жоғарғы оқу орындары, "дөңгелек үстел" басында кәсіпкерлік құрамын ескере отырып түзілген өз презентацияларын таныстырды, деп хабарлайды Еуразиялық Топ корпоративтік коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметі.

Басты мақсат – ERG кәсіпорындары орналасқан аймақтарда студенттер кәсіпкерлігін дамыту.

Осыған дейін, сәуір мен мамыр айлары аралығында жобаға қатысушы ЖОО кәсіпкерлік потенциалына аудит пен диагностика жүргізіліп, кәсіпкерлікті дамытудың жекелеген карталары жасалған болатын. Педагог-трансформаторлар тобы екі оқу модулін меңгеріп, кәсіпкерлік университет түсінігі мен жоспарын түзді. Ал мамыр айында кейстерді шешуден "Кемел кәсіпкер" атты чемпионат өтіп, онда дараланған 30 адам Bastau Camp кәсіпкерлік лагеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша олар Қазақстанның әр тарабынан келген студенттермен бірлесіп, әрі ұстаздарының көмегімен өздерінің бизнес-идеяларын нақты жобаға дейін пісірді. Осы орайда жобаға қатысқан жоғары оқу орындарының студенттері лагердің финалында бірінші және екінші орындарға ие болып, өз жобаларын жүзеге асыруға сеп болар гранттық қаржыландыруға ие болғанын айта кеткен жөн. Қыркүйек айының басында  MOST бизнес-инкубаторының сертификатталған тренерлері Павлодар мен Қостанайдағы жоғары оқу орындарының оқытушыларын тәжірибелік кәсіпкерлікке баулыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу