"Сыр барысы" анықталды

815

"Сыр барысы" анықталды

Қызылорда қаласы  "Евразия" спорт кешенінде  қазақ күресінен облыстық "Алтын белбеу" сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Бірінші кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 6839 спортшы қатысты. Екінші кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1511 спортшы бақ сынасса, үшінші кезеңі - облыстық ақтық сайысқа 250 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. Үш кезең бойынша барлығына 8600 спортшы сынға түсті.
Түйе палуан сайысына 15 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық  Нұрым Сәлімгереев "Сыр Барысы" атанып, "Алтын белбеу" белдігі мен 1 млн 170 мың теңгенің сертификаты табысталды.
"Сыр Арланы" - қызылордалық  Мақсат Исақабыловқа 630 мың теңгенің сертификаты беріліп, "Сыр Сұңқары" - қызылордалық Жасұлан Досымовқа  360  мың теңгенің сертификаты табысталды.
Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында "Салауатты ұрпақ" кіші жобасы бойынша жарыста ептілігімен көзге түскен бірқатар балуандар аймақтық "Рухани жаңғыру" орталығының дипломдарымен марапатталды.
Шілде айында Астана қаласында ҚР президенті жүлдесі үшін өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне Қызылорда облысынан Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исақабылов облыс намысын қорғайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу