ҚР парламенті мәжілісінің қарауындағы "Табиғи монополиялар туралы" заң жобасы тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша монополистердің есептерін қарау барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді тартуды көздейді. Бұл туралы ҰЭМ басшысы Тимур Сүлейменов үкімет отырысында айтты.
Министр тұтынушылардың мүдделері үшін белгілі бір біліктілік талаптарына негізделген әлеуметтік тапсырыс есебінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды ұсынды.
Бұдан басқа, заң жобасында монополистердің тарифтерді бекіту және материалдарға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық тұтынушылар үшін тарифтерді есептеу үшін өтініштерін қараудың электрондық форматына көшіру қарастырылған.
"Е-монополист ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Бұл деректер базасы арқылы тұтынушылар енгізген ұсыныстар жүйелендіріліп, әрі қарай қоғамдық тыңдауларда талқыланады", — деді Тимур Сүлейменов.
ҚР ҰЭМ ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта "Табиғи монополиялар туралы" заң жобасына парламент мәжілісі депутаттарының түзетулеріне арналған заң жобасы қаралып жатыр.
Заң жобасы монополистердің инвестициялық бағдарламаларды орындау іс-шараларының сыртқы техникалық сараптамасын енгізуді қамтиды. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілеріне тікелей барумен, БАҚ, "Атамекен" палатасының өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен инвестициялық бағдарламаларды орындаудың қоғамдық мониторинг институтын енгізуді,
табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы тұтынушылардың алдындағы жария есептерін өткізуді жыл сайынғы мерзімнен жарты жыл сайын өткізіп тұруды ескермек.
"Монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын толыққанды мемлекеттік бақылау мақсатында министрлік заңнамаға табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне тексеріс жүргізу жүйесін қайта қарауды және қатаңдатуды көздейтін жаңа түзетулерді әзірледі", — деді Тимур Сүлейменов.
Осы түзетулер құпталған жағдайда "Табиғи монополиялар туралы" және "Бизнес ортаны және сауда қызметін реттеуді дамыту туралы" заң жобаларында көрініс табатын болады. Екі заң жобасы да мәжілістің қарауында.