Соңғы уақытта "Талибан" террористік ұйымында еуропалықтар көбейген. Бұл туралы бірқатар мемлекеттің ресми ведмосвто өкілдері дабыл қақты, деп хабарлайды kazislam.kz.
Ауғанстанның Құндыз провинциясы Имам-Сахиб уезінің өкілі Махбуб Саидтың айтуынша, содырлардың бір бөлігі француз және басқа да еуропалық елдердің азаматтары, олар Ауғанстанның ұлттық әскері мен қауіпсіздік күштерінің формасын киетін көрінеді. Олар содырларды әскери әрекеттерге, техниканы қолдануға үйретеді, автокөліктерді жаруға арналған жарылғыш заттарды дайындауға оқытады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, содырлар санын анықтау қиын, тек Құндызда ғана емес, басқа провинциялардағы Талибан лагерлерінің де қатары көбейген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу