"Таңғажайып Түркістан" байқауы басталды

1470

Байқауға қатысушылар facebook әлеуметтік желісінде Түркістан облысынан "Қазақстанның киелі жерлер географиясына" енген 24 нысан туралы пост жариялауы қажет. Байқаудың жүлде қоры  - 1 350 000 теңге. 

"Таңғажайып Түркістан" байқауы басталды

Түркістан облысында "Таңғажайып Түркістан" байқауы басталды. Бұл туралы Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейcенбай Тәжібаев мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенттерімен кездесу өткізген басқарма басшысы көпшілікті байқауға қатысуға шақырды.

"Олардың арасында ағылшын және түрік тілінде терең білім алып жүргендері де бар екен. Демек, Түркістан облысы мен Түркістан қаласы туралы бірнеше тілде мақала, түрлі еңбектер жазып, шетелге танытуға болады. Сондықтан жас әріптестерімізге бізбен бірлесіп жұмыс істеңіздер дегіміз келеді.  Бұл мақсатта ерікті журналистер клубын құруға шақырамын. Түркістанның тарихын дәріптеп, туристік тартымдылығын арттыруға сіздер де үлес қосасыздар. Мәселен, бүгіннен бастап облыста "Таңғажайып Түркістан" байқауы басталды.  Оған кез келген әлеуметтік желі белсенділері қатыса алады. Сіздерді де бақ сынауға шақырамыз", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, байқауға қатысушылар facebook әлеуметтік желісінде Түркістан облысынан "Қазақстанның киелі жерлер географиясына" енген 24 нысан туралы пост жариялаулары қажет. Әрбір қатысушы кем дегенде 20 жазба жазуға тиіс.  Бұл байқауға биылғы жылдың 14 қыркүйегінен  12 желтоқсанға дейін жарияланған материалдар қабылданады. Жеңімпаздар байқауды ұйымдастырушы тарап түзген комиссия құрамының шешімімен анықталады. Ұсынылған жұмыстардың үздіктері "Түркістан жаршысы" фейсбук тобында көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы да бағаланады. Байқаудың жүлде қоры  - 1350000 теңге. "Таңғажайып Түркістан" сайысында бас жүлде, 1-ші, 2-ші, 3-орындар беріледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу