"Тараз" футбол командасына бас бапкер тағайындалды

809

"Тараз" футбол командасына бас бапкер тағайындалды

Қазақстандық жаттықтырушы Ваит Талгаев "Тараз" футбол командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

64 жастағы маман "Тараз" командасының тізгінін өткен жылдың қаңтар айында ұстаған. Алайда жамбылдық ұжым маусым қортындысы бойынша премьер-лигадан шығып қалды. Жаңа маусымға "Таразды" Ваит Талгаев дайындап, жұмысын жалғастырады.  

Айта кетейік, Ваит Талгаев футболшы ретінде КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнаған. Сонымен қатар, Алматының "Қайрат" клубының да намысын қорғады. Жаттықтырушы ретінде әр жылдары Қазақстандық "Ертіс", "Жетісу", "Қайсар" клубтарының бас бапкері болды. Тіпті, Грозныйдың атақты "Терек" командасын жаттықтырып, сол құраммен Ресей кубогын да жеңіп алған. Ваит Талгаев қай команданы жаттықтырса да өзінің асқан біліктілігімен есте қалды, ол жаттықтырған командалар жоғарғы орындардан көрінді.

Ваит Талгаевтың есімі "Тараз" жанкүйерлеріне де жақсы таныс. Ол 1990-1992- жылдары жамбылдық "Химик" командасын жаттықтырса, 1996 жылы Талгаевтың бапкерлігімен "Тараз" командасы алғаш рет Қазақстан чемпионы болды. 2010-2011 жылдардағы футбол маусымында тағы да "Тараз" командасын жаттықтырды. Одан кейінгі кезеңде Шешенстан елінде еңбек еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу