"Тараздың" бұрынғы ойыншысы Ресей кубогын ұтып алды

464

"Тараздың" бұрынғы ойыншысы Ресей кубогын ұтып алды

"Тараздың" бұрынғы ойыншысы, қазір "Тосно" ФК намысын қорғайтын Неманья Миюшкович Ресей кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Финалда "Томно" екінші дивизионда ойнайтын "Авангардпен" кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

10-минутта "Тосно" ойыншысы Алексей Скворцов есеп ашқан, алты минуттан соң Игорь Киреев таразы басын теңестірді. Ал Резван Мирзов соққан гол "Тосноға" жеңіс сыйлады.

Осылайша, "Тосно" өз тарихында алғаш рет титул жеңіп алды және команда келесі маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу