"Тау-Кен Темір" зауыты өндірістік қалдықтарды табыс көзіне айналдырады

2486

"Тау-Кен Темір" зауыты өндірістік қалдықтарды табыс көзіне айналдырады

Қарағанды облысы қалдықтар табыс көзі "ТауКен Темір" зауыты металлургиялық кремний өндіретін Қарағандының "Тау-Кен Темір" зауыты өндірістік қалдықтарды табыс көзіне айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кету керек, кәсіпорын экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай заманауи және инновациялық зауыт болып есептеледі. Сондықтан өндіріс ошағынан шыққан қалдықтарды жаңа сипаттағы бетонға қоспа ретінде пайдалануға болады. Бұдан жасалған бетонның беріктігі де жоғары. Сонымен қатар зауыт басшылығы отандық ғалымдар және кәсіпорын мамандарының күшімен шаң-тозаңды сүзгіден өткізу тәсілі зерттеліп жатқанын жеткізді. Соның арқасында қалдықтарды табыс көзіне айналдыру инновациялық жобасымен Ғылым қорының байқауына қатысып, 300 млн теңге көлемінде грант алуды мақсат етіп отырғанын да атап өтті. Бүгінде зауыт Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған бірден-бір металлургиялық кремний өндіруші болып табылады.

2017 жылы қосымша автоматтандырылған технологиялық қайта құрылымдарды енгізу жоспарының арқасында өндіріс қуаттылығын жылына 23 мың тоннаға арттыру көзделіп отыр. 

"Бұл жобалар біріншіден, экологияға зиян келтірмеудің жолы, екіншіден, өндірісіміздің техникалық-экономикалық көрсеткішін арттырамыз. Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатамыз деген сенімдеміз", - деді басқарма төрағасы Мұрат Жүкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу